Ертең Тоқаевтың қатысуымен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, яғни, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді.</h4> <h4><br> </h4>

30 Наурыз 2021 2021, 15:53
АВТОР
 30 Наурыз 2021 2021, 15:53
30 Наурыз 2021 2021, 15:53
1384

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, яғни, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді.

Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады.

Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Наверх