6 шілдеде Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес, Астана күні мерекесіне байланысты Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазылған ведомство хабарламасында.