Бейсенбі, 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-батыста, батыста бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста, еліміздің орталығында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, – деп жазды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді деп күтіледі.
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті табиғи құбылыстардың болатынын болжайды:
- өрт қаупі жоғары – Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде және Жетісу облысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында.