Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар кестесіне сәйкес қалыпты қатынайды.
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.