Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері жұма күні өңірлерде ауа райы бұзылатынын хабарлады.
Скандинав жақтан келетін циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз.
23 қазан түнде Қызылорда облысында ауа температурасы төмендейді, 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, үсік жүреді.
Қарағанды облысында көктайғақ, бұрқасын болады.
Жұма күні Батыс Қазақстанда тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын, жел. Екпіні - 17-22 метр секундке жетеді.
Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын, батыстан 15-20 м/с жел соғады.
23 қазанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.