Ертең бас санитар мен денсаулық сақтау вице-министрі «Спутник V» вакцинасын алады

31 Қаңтар 2021, 18:58
1741
Бөлісу:
Ертең бас санитар мен денсаулық сақтау вице-министрі «Спутник V» вакцинасын алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады.

Екпені алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алады. Вакцинация 1 ақпанда сағат 08:30-да Аманат көшесіндегі №6 қалалық емханада өтеді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен ерікті вакцинациялау науқаны басталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресейлік «Спутник V» вакцинасының 20 мың доза көлемінде бірінші партиясы Қазақстанға келді және аймақтарға таратылады.

Вакцинаны тек ҚР кәмелеттік жасқа толған азаматтары ғана ала алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 6 млн адам қатысады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы