Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілдеде, яғни ертең ай тұтылады, деп хабарлады Алтайньюс.
Айдың тұтылуы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 02.00-де басталады.
Ғалымдардың айтуынша, айдың 66%-ы, яғни үштен екі бөлігі көлеңкеге кіреді.
Табиғаттың ғажайып құбылысы кезінде қазақстандықтар Сатурн мен Юпитерді көре алады.
Мамандардың айтуынша, 15 минут ішінде адам тұтылудың құдды кесте бойынша жүріп жатқанын байқай алады.
Ай ең жоғарғы фазаға (0.66) сағат 3:30 кезінде жетеді. Дәл осы сәтте тіптен ғажайып көріністі тамашалауға мүмкіндік туады. Өйткені ай оңтүстік- батысқа қарай көкжиекке тақап келеді. Содан кейін ғана ай көлеңкеден баяу шыға бастайды.