Арысқа оралу. Ертең қаладағы қандай мекемелер жұмыстарын бастайды?

27 Маусым 2019, 18:28
2231
Бөлісу:
Арысқа оралу. Ертең қаладағы қандай мекемелер жұмыстарын бастайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең, яғни 28 маусым күні Арыс тұрғындарына үйлеріне қайтады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Облыс әкімі алғашқы кезекте емхана мен аурухана өз жұмысын бастайтынын айтты. Қалғандар нысандар біртіңдеп, қалпына келген соң, пайдалануға беріледі. 

«Тұрғындар үйлеріне кіргеннен кейін біздің өкілдеріміз бірден әр үйге дефектный акт жасайды. Оған тұрғын үйдің иесі, әкімшілік қызметкері қатысады. Сосын қаланы секторға бөліп тастадық. 400-450 үйге бір облыс бекітілді. Акт жасағанда кезде сол үйге жауапты облыстың өкілі болады.  Бұл коммерциялық нысандарға да қатысты. Сол бойынша ол үйлер қалпына келітіріледі. Әлеуметтік нысандардан аурухана мен емхана ертең жұмыстарын бастайды. Оларды қазір тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қалған нысандар жақын күндері пайдалануға беріледі. Ол үшін арнайы топ келіп отыр. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осы жұмыспен айналысады», - дейді Өмірзақ Шөкеев.
Өзгелердің жаңалығы