Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 30 қыркүйек күнi сағат 12:55 кезінде дыбысты сирена қосылады.
Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығу тексеруі жүргізіледі. Электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы іске қосылады. Ол халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабарлайды. Департамент Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.Сонымен қатар Алматы ТЖД төтенше жағдайлар болған жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз, көшедегі дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз, берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз, - делінген хабарламада.