Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі 2024 жылғы 5 сәуірде сағат 10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Жерлеу рәсімі 2024 жылғы 5 сәуірде сағат 11.30-да Ұлттық пантеонда болады.
Кеше Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасына көңіл айтты.