Алматы, BAQ.KZ. Ертең Жетісу ауданында бірнеше сағат суық су болмайды. Бұл туралы "Алматы су" мекемесі хабарлады.
28 шілде сағат 9.00 ден 19.30-ге дейін су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілу себепті Айнабұлақ ықшам ауданында уақытша суық су болмайды. Суық сумен жабдықтау қызметін шектеу осы аудандағы жабдықтардың ауыстырылуына байланысты жүргізіледі, - делінген хабарламада.Өтінім негізінде денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына су жеткізілетіні айтылған.
"Алматы су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.
Анықтама телефондары: 274-66-66.