Ерлік Сертай Азия чемпионатында жүлделі болды

Семсерлесу бойынша құрлық додасы Кувейт елінде өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы семсерлесудің сапы бағытынды сынға түсіп, қола жүлдеге қол созды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 Маусым 2024 2024, 09:50
АВТОР
 24 Маусым 2024 2024, 09:50
24 Маусым 2024 2024, 09:50
551

Семсерлесу бойынша құрлық додасы Кувейт елінде өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы семсерлесудің сапы бағытынды сынға түсіп, қола жүлдеге қол созды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ол іріктеу кезеңдерінде Иран, Ирак және Қытай спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ширек финалда тағы бір қазақстандық Эльмир Әлімжановпен жолығып, жеңіске жетті. Ал жарытылай финалда Гонк-Конг өкіліне есе жіберді. Ерлік ұлттық құрамадағы ең жас спортшы саналады. 

Ол Париж олимпиадасына жолдама алған болатын. Франциядағы жазғы ойындарда командалық жарыста бақ сынайды. Кувейттегі байрақты бәсеке 27-ші маусымға дейін жалғасады. Сәйкесінше, ұлттық құраманың басқа өкілдерінде жеңіс жолын жалғастыруға мүмкіндік бар. 

Айта кету керек, осы спорт түрінен 5 жолдама жеңіп алдық және Азия чемпионаты олимпиада алдындағы соңғы жаттығу саналады.

Наверх