Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

6 Мамыр 2022, 14:05
2608
Бөлісу:
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысты.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларды  Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны, – деді Мемлекет басшысы.

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

 

Президент жақсы жабдықталған заманауи армия мемлекеттілігіміздің берік қорғаны екенін айтты.

Геосаяси тұрақсыздық, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында біз ұлттық мүддемізді қорғауға, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға дайын болуымыз керек. Сондықтан қорғаныс әлеуетін нығайту әрдайым біздің маңызды басымдығымыз болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы күштік органдарда қызмет етудің абыройлы миссия және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша,  Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сардарлары өздерінің ептіліктері мен қабілеттерін тұрақты түрде шыңдай отырып, озық жауынгерлік шеберліктерін көрсетіп келеді.

Президент Екінші Дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанғанын, бірақ көптеген майдангеріміздің ерліктері түрлі себептерге байланысты елеусіз қалғанын еске салды. 

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы офицерлерге аты аңызға айналған үш ержүрек жауынгердің ерен ерлігі туралы айтты. Бұл майдангерлерге қаза болғаннан кейін бүгін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Біріншісі – атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков. Ол бір өзі майдан даласында 397 жаудың көзін жойған. Бұл ерлік тиісті құжаттармен дәлелденген. Қазақтың қаһарман ұлы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Бірақ, ерлігі ескерусіз қалды. Капитан Александр Несмиянов та ерекше ерлік пен қаһармандық көрсетті. Ол бораған оққа қарамастан, орда бекінген бүкіл батальонды өзімен бірге шабуылға көтерді. Жау қорғанысын бірінші болып бұзған Несмиянов жаудың 20 жауынгерімен жалғыз алысып, 13-інің көзін жойған. Қалғанын бас сауғалауға мәжбүр етті. Кезекті ұрыста ол жау шебінің тылына өтіп, басты қауіпті өзіне бұрды, сөйтіп жаудың қорғаныс шебін серіктерінің бұзып өтуіне мүмкіндік жасады. Ал ротаның екі командирі жараланған соң, басшылықты өз  қолына алды. Александр Несмиянов үш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ, әр кез оған әділетсіздік жасалып, елеусіз қалды. Жерлесіміз Ыбырайым Сүлейменов те құралайды көзге атқан нағыз мерген болған. Ол бір жылдың ішінде 289 жау әскерін жойды. Бұл ерлік те тарихи деректерде көрсетілген. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова екеуі соңғы демі қалғанша жаумен арпалысып, қаза тапты. Батыр атағына екеуі қатар ұсынылғанымен, Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі жоғары деңгейде бағаланбады, – деді Президент.

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысқан Төлеуғали Әбдібеков пен Ыбырайым Сүлейменовтің туыстарына Халық қаһарманының ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін табыстады. Ал Александр Несмияновтың наградасы музей төрінен орын алады.

Төлеуғали Әбдібековтің туысы Айгүл Кемелбаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа және даңқты атасының атын мәңгі есте сақтауға атсалысқан жауапты тұлғалардың бәріне алғысын айтты. Ыбырайым Сүлейменовтің қарындасы Айткүл Сүлейменова Мемлекет басшысына шын жүректен алғыс білдірді. Сондай-ақ Президентке зор денсаулық тілеп, Жаңа Қазақстанды құру ісінде табысқа жетуіне ниеттестік білдірді және сөзін «Біз Сізге сенеміз», – деп аяқтады.                                                   

Бұл – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз ерлеріміздің есімін жаңғыртып, оларды ұлықтай беретін боламыз. Өйткені, ерлік ешқашан ескірмейді. Майдангер аға буын кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге, – деді Мемлекет басшысы.

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген еліміздің барша азаматына алғыс айтты.

Бұдан кейін Президент мемлекеттік наградаларды табыстап, офицерлерге әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді.

Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысының қолынан әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен алған офицерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

I дәрежелі «Даңқ» орденімен

Лепеха Игорь ВладимировичІшкі істер министрлігінің аппарат басшысы;

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен

Ақтанов Қайрат МихаилұлыҰлттық гвардия Бас қолбасшысының бірінші орынбасары
Бәденов Фазылолла ЖұмағазыұлыҚазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штаб бастығы
Ирменов Марат ГатауллаұлыҰлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы департаментінің бастығы
Көшекбаев Мереке МәтімұлыҚорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің  қолбасшысы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Аймұқанов Ренат БорисұлыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
Әкітбаев Қадыржан ЕстайұлыҰлттық қауіпсіздік комитеті басқарма басшысының орынбасары
Қуатов КонстантинБейсенұлыҰлттық гвардия «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары
Мырзахмет Нұрлан АмандықұлыҰлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары
Оралбеков Нұржан ҚойшыбекұлыҚорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі
Сұлтанбекұлы ЖандарбекЖамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры
Хасанов Тимур ТөлегенұлыҚаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары
Хасенов АзаматБақытжанұлыМемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы
Шалбаев Ердос ЕлубайұлыМемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Молдаханов Мәди ҚанышұлыҚорғаныс министрлігі барлау ротасының топ сержанты;

 «Құрмет» орденімен

Агафонова Ольга ВалерьевнаІшкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің басқарма бастығы
Ілияс Жанар МұхаммедрахымқызыҚұқық қорғау органдары академиясының басқарма бастығы;

«Ерлігі үшін» медалімен

Ефремов Евгений СергеевичТөтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің командирі
Ешмағанбетов Қанат МаратұлыТөтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары
Сұрағанов Ерлік НұрланұлыІшкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаментінің полицей-кинологы
Тойжігітов Әлімжан ДосмұханбетұлыТөтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Базарбайұлы ҚайратҚорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік ротасының командирі
Бекеев Ернар ӨмірбайұлыҰлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары
Қараев Талғат ТемірбекұлыҰлттық қауіпсіздік комитетінің аға офицері
Қожабаев Ерік ЕлеусізұлыҚорғаныс министрлігі әскери бөлім командирінің орынбасары
Күзенов Нұрболат БайғабылұлыМемлекеттік күзет «Көкжал» арнаулы мақсаттағы басқармасының күзет офицері
Махалиева Мөлдір БақытжанқызыҰлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі
Мырзабаев Алмас ІлесбекұлыҚорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі
Түсіпов Серік АмантайұлыІшкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әлімқұлова Эльмира РахметілдәқызыҚорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің дәріхана бастығы.

 

Өзгелердің жаңалығы