Ерлан Саиров: Бүгін - қазақ қазақ болған күн!

20 Сәуір 2020, 17:27
2653
Бөлісу:
Ерлан Саиров: Бүгін - қазақ қазақ болған күн!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразия интеграциялық институтының директоры Ерлан Саиров Facebook-тегі жазбасында қазақ халқы атының тарихына қатысты өз пікірін білдірді. 

95 жыл бұрын, 1925 жылы 19 мамырда V Бүкілқазақ Кеңестер съезінде қазақ халқының тарихи есімін қалпына келтіру туралы қаулысы қабылданды. Бұл шешім халықтың ұлттық санасын нығайта түсті. Сонымен қатар, қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болды, - деді саясаттанушы. 

Сонымен қатар, қазақ ата-тегін неліктен тартып алғылары келгендігін атап өтті. 

Бізде мықты әрі терең өзіндік тарихымыз бар. Біздің жерімізде Еуропа, Үнді, Таяу Шығыс тарихына әсер еткен ірі тарихи-пассионарлық қозғалыстар өтті. Басқа түркі халықтарымен қатар, біз сақтардың, ғұндардың ұрпақтарымыз, қыпшақ тамырларының тасымалдаушылары, Алтын Орданың заңды мұрагерлеріміз, - деді Ерлан Саиров. 

Сонымен қатар, ол 2009 жылы Кембриджде қазақ мәдениетіне арналған конференция өткізгендігін еске салды. 

Қазақ мәдениетіне қатысты көптеген талқылау болды, бірақ Кембридж профессорлары тарихымызға терең үңілген. Айта кету керек, олар біз туралы көбірек біледі екен. Профессорлардың бірі империяның тарихы туралы айтып, қазіргі заманғы ең қанды империялар Англия және Ресей екендігін айтты. Алтын Орда гуманистік империялардың бірегейі болды, барлық халықтардың тілі мен сенімін сақтап қалды, - деді өз сөзінде қоғам белсендісі. 
Ерлан Саировтың айтуынша, қазақтар Алтын Орданың заңды мұрагерлері. 
Мен алғашында профессор бізге тиісіп отыр деп ойладым, Отаныма оралған соң ғылыми материалдарды зерттей бастадым, ғалымдармен көбірек сөйлесіп, бәрі оңай емес екендігіне көзімді жеткіздім. Біз ұлы тарихтың бір бөлігіміз, - деді саясаттанушы. 

Ол ежелгі ғасырларда адамзат тарихының бір бөлігі осы жерде жасалғандығын еске салды. 

Содан кейін, көптеген себеп бойынша адамзат тарихы Еуропаға көшкен. Бірақ тарих күн сәулесі біздің жақтан шыққан уақыт болды! Бұл - даусыз факт! Тарихи шындықты мойындай білу керек. Біздің тарихымызда да құлдыраулар болғаны сөзсіз. Біз отар болдық, біздің рухани бастауымыз ери бастады. Халқымыздың тарихи кеңістігі қысылды. Бірақ біз әр жолы моральды түрде күш жинап, жаңа ерік-жігермен тарихи шыңға шықтық. Біздің болашақ тарихымыз тек бізге ғана тиесілі!, - деп түйіндеді сөзін Ерлан Саиров.

Өзгелердің жаңалығы