Ерлан Саиров қандай әкімдер Nur Оtan партиясы қатарынан шығарылатынын мәлімдеді

20 Тамыз 2020, 16:13
1211
Бөлісу:
Ерлан Саиров қандай әкімдер Nur Оtan партиясы қатарынан шығарылатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуразиялық интеграция институтының басшысы Ерлан Саиров Nur Оtan партиясының праймеризі әділ өтуі тиіс екенін айтты. 

Таза өтуіне кедергі келтіретіндер жазаланады деп мәлімдеді.
Nur Оtan партиясы осыдан екі-үш күн бұрын өз ішінде праймериз өткізетіндері туралы үндеу жариялады. Өздеріңіз білесіздер, дүние жүзінде әртүрлі экономикалық-әлеуметтік саяси процестер жүріп жатыр. Мемлекет институтының өзі трансформацияға ұшырап жатыр. Осындай процестер Қазақстанға да келіп жетті. Елдің демократия, плюрализмге дейін сұранысы артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Nur Оtan партиясының праймермизі - біздің еліміздің саяси жүйесін эволюциялық тұрғыда дамытудың алғышарты деп қарастыру керек. Сондықтан праймериздің таза, әділ, транспарентті өтуі маңызды. Өйткені, дүние жүзіндегі өзге мемлекеттер секілді Қазақстан да саяси партияларға деген сенімсіздік бар, - дейді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, праймеризге қатысуға жастарды көбірек тарту қажет. Өйткені, жастар - еліміздің болашағы. 

Nur Оtan партиясы жақтастарының лигасы праймеризді әділ өткізу жөнінде үндеу жариялады. Сол үндеудің қысқаша мазмұны былай: Еліміз жолайрықта тұр. Біз демократияға, әділеттілікке және теңдікке деген терең сұраныс туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың әлеуметтік трансформациялардың қажеттігі - бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені, елді сақтап, жетістіктерін арттырудың басқа баламасы жоқ, - дейді ұлттық сенім кеңесінің мүшесі. 
Оның айтуынша, ең бірінші кезекте жергілікті жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгерту керек. 
Көптеген әкім әлі де командалық басқару әдістерімен жұмыс істейді және қоғамдық пікірді ескергісі келмейді. Бүгінгі таңдағы праймериз жастар үшін мүмкіндіктер терезесі болып табылады. Сол себепті әртүрлі деңгейдегі әкімдерді праймериздің әділ және шынайы өтуіне, әкімшілік қысым жасамауға шақырамыз. Егер ондай қысым болған жағдайда, Nur Оtan партиясы жақтастарының лигасы сондай әкімдерді, шенеуніктерді партиялық тұрғыдан жазалауды ұсыныс енгізетін болады. Ең жоғары жаза - партиядан шығарттыруға тырысамыз, - дейді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы