Ерлан Қошанов Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

17 Қыркүйек 2022, 18:50
1341
Бөлісу:
Ерлан Қошанов Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекте Геннадий Головкинге сәттілік тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңізге мәлім, ертең әлемдегі ең үздік боксшының бірі Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеседі. GGG - қазақ боксын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, елдің абыройын асқақтатып жүрген даңқты спортшы. Алдағы тартысты жекпе-жекте жерлесімізге жеңіс тілейік және жанкүйер болайық, - деп жазды Парламент спикері Ерлан Қошанов Facebook-те.

Еске сала кетсек, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні Лас-Вегастың (АҚШ) T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден тамашалай алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 5.00. Басты айқас шамамен 8.00-де басталады.

GGG мен «Канело» осымен үшінші рет рингте жұдырықтасқалы жатыр. 2017 жылы өткен алғашқы кездесу тең аяқталған еді. 2018 жылы болған қарымта жекпе-жек төрешілердің басым дауысымен Альварестің пайдасына шешілді. Бұл жолы боксшылар суперорта салмақта жұдырықтасады. Бірінші және екінші кездесулер орта салмақта өткен болатын. Қазір бұл санаттағы барлық чемпиондық титул «Канелоға» тиесілі. Ал Головкиннің еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы белдіктер бар.

Өзгелердің жаңалығы