ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алдағы Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын насихаттау үшін Қазақстанға келген шетелдік журналистермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.
Кездесуге Еуропа, Азия, Солтүстік Африка және ТМД секілді 37 мемлекеттен келген 43 шетелдік БАҚ өкілі қатысты.
Ерлан Қарин бұл сайлаудың негізі бір жыл бұрын, яғни Президент өз Жолауында кешенді реформалар бағдарламасын ұсынған кезде қаланғанын айтты.
Мемлекеттік кеңесші жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар сайлау жүйесіне әсер еткенін, соның нәтижесінде партиялар арасындағы бәсекелестік пен азаматтық белсенділіктің артуына жағдай жасалғанын атап өтті.
Алдағы сайлау президенттік реформалар бағдарламасы аясында іске асқан мемлекеттік институттарды жүйелі трансформациялау жұмысының қорытындылап, мемлекеттік-саяси жүйенің мүлдем жаңа моделге көшкенін көрсетеді, – деді Ерлан Қарин.
Брифинг барысында Мемлекеттік кеңесші шетелдік журналистердің Қазақстанның ішкі саяси процестеріне қатысты бірқатар сұрағына жауап берді.