Ерлан Қарин Мемлекет басшысы берген сұхбаттың маңызды тұстарын атады

3 Қаңтар 2025, 12:33
371
Бөлісу:
Ерлан Қарин Мемлекет басшысы берген сұхбаттың маңызды тұстарын атады
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында 2024 жылды қорытындылап қана қоймай, бірыңғай уақыт белдеуі, атом электр стансасы, доллар бағамы, Талғар оқиғасы, кезектен тыс сайлау өткізу ықтималдығы және басқа да қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді. Жыл басында ашық әрі мазмұнды сұхбат беру жаңа саяси дәстүрге айналып келеді. Бұл сұхбаттағы негізгі ой-тұжырым – елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасын табады, алда атқарылатын жұмыс көп, сын-қатерге толы кезеңде күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білу керек. Жалпы, сұхбатта ішкі саясаттың 2025 жылға арналған күн тәртібі анықталған. Мұндай тәсіл мемлекеттік органдар үшін де, қоғам үшін де тиімді, себебі мемлекет саясатының мақсаттарын терең түсінуге септігін тигізеді. Биліктің елімізді одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын көрсетеді, - деп жазды Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы