Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумның қорытындысына қатысты ойын айтты.
5 маусым күні Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум өткен болатын.
Орталық референдум комиссиясы жариялаған алдын ала мәлімет бойынша референдумға дауысберушілердің 68,06%-ы қатысқан. Бұл ретте дауыс берушілердің 77,18%-ы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады, - деді Қарин.
Ол атап өткендей, дауыс берушілердің белсенділігі мен конституциялық реформаны қолдаудың жоғары деңгейі қоғамды топтастырудың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар референдум нәтижелері билік пен қоғамда елдің одан әрі даму перспективалары туралы ортақ бар екенін көрсетіп отыр. Осының барлығы Президенттің реформалар бағытын халықтың қолдауының нақты кеңейгенін білдіреді, - деп жазды Мемлекеттік хатшы Telegram арнасында.