Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 шілде күні Қазақстанда жалпыға ортақ экологиялық акция өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялаған болатын.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты.
Бұл бастаманы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қолдады.
«Бұл челлендж – жақсы бастама. Бізге де акцияға қатысуымыз керек деп есептеймін. Табиғатты тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуымыз керек», - деді аймақ басшысы.
27 шілде күні экологиялық акцияға немқұрайды қарамайтын барлық қарағандылықтарды қатысуға шақырады.
Акцияны өткізу орны мен уақыты туралы сұрақтар бойынша экологиялық сенбілікті ұйымдастыру жөніндегі штабқа 8-7212-56-41-27 телефоны арқылы хабарласуға болады.