Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны елден бұрын салдыруға дайын екенін айтты.
Оқи отырыңыз:
Мен коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны елден бұрын салдыруға дайын екенімді жеткізгім келеді. Расталған деректердің кең ауқымын алған кезде дайын боламыз, - деді Қиясов брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, вакцинация ерікті түрде жүргізіледі.
Бұл вакцинация ерікті, сондықтан өздерін сынап көрген еріктілер – олар сол вакцинаны жасап жатқан адамдар. Олар вакцина жасау жұмыстарының алғашқы сәттерінен бері соның айналасында жүрген жандар. Неғұрлым кең сынақтар расталған жағдайда, вакцина салдыруға дайынбыз, - деп атап өтті спикер.

Бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бүгінде республиканың «жасыл» аймақта тұрғанын мәлімдеп, жаңажылдық мерекелерге қарсы қосымша шектеулер енгізілмейтінін айтқан болатын.