Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов ҚР Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 15 Шілде 2025 2025, 23:57
15 Шілде 2025 2025, 23:57
795
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов ҚР Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлан Дакенов 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті мен Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.

Ол мәдениет саласында түрлі басқарушылық және шығармашылық қызметтер атқарған. Әр жылдары "Ақ жауын камералық оркестрінің, "Қазақконцерт" ұйымының және Астана қалалық филармониясының басшылық құрамында еңбек етті.

Соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының" бас директоры қызметін атқарды.

Наверх