Еркін сөйлеп, посттар жазатын боламын. Рахымбаев қазақ тілін үйренуді қолға алды

23 Мамыр 2022, 14:39
1873
Бөлісу:
Еркін сөйлеп, посттар жазатын боламын. Рахымбаев қазақ тілін үйренуді қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI Group холдингінің бас директоры  Айдын Рахымбаев қазақ тілін үйренуді қолға алғанын айтты.

Ал енді міне «Бісміллә» деп қазақ тілін үйренуді бастап кеттік, екі апта болды. Оқып жатқан мәтіндер қиындау, әдеби тілмен жазылған, әрине оңай емес. Кейде сөз жетпей, ойымдағыны айта алмай, мұғаліммен бір күліп аламыз, -деді ол Facebook-тегі жазбасында.

Ол өзінің орыс тілді болуын Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Казнаковка ауылында орыс мектебін бітіріп, орыстардың арасында өскендіктен деп түсіндірді.

Достарым да, жан-жағымдағы адамдар да бәрі орысша сөйледі. Бірақ қазақ тілін үйреніп, сөйлеуге деген ниет әрқашан болды.  «Ештен кеш жақсы» дейді ғой. Әлі де кеш емес, 45 жасымда ағылшын тілін оқып үйрендім енді 50-ге таяп қалғанымда қазақ тілін үйреніп жатырмын. Құдай қаласа еркін сөйлеп, қазақша посттар жазатын боламын, - деді компания басшысы.

Өзгелердің жаңалығы