Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев алтын медаль иеленді

1 Тамыз 2022, 13:00
1289
Бөлісу:
Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев алтын медаль иеленді

Еркін күрестен Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Камиль Куруглиев Қазақстан құрамасына екінші алтын медаль әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Prosports.kz сілтеме жасап. 

Камил 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финалға шығу түркиялық Ибрагим Бенеклиді (7:0), үндістандық Сахил Джагланды (5:3) және америкалық Максвелл Макэнеллиді (12:2) жеңген болатын. 

Алтын медаль үшін белдесуде Куруглиев венгриялық Муса Арсункаевты 11:0 есебімен жеңді. 

Еске салайық, бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медальді қазақстандық Дарын Әскербек жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы