Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Польшада халықаралық жарысқа қатысады

26 Мамыр 2021, 01:36
2479
Бөлісу:
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Польшада халықаралық жарысқа қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан балуандары Польшада халықаралық жарысқа қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рейтингтік «Ziółkowski Memorial» жарысына еркін күрес бойынша Қазақстан сапынан сегіз спортшы бақ сынайды. Аталған бәсеке Закопане қаласында 8-12 маусым аралығында өтеді. 

Адлан Асқаров, Дәулет Ниязбеков, Сырбаз Талғат, Нұрқожа Қайпанов, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали, Серік Бахытқанов және Олег Болтин Польша боз кілемінде белдесетін болады.

Өзгелердің жаңалығы