Еркін күрестен 10 түрлі салмақта балуандар күш сынасады

7 Қараша 2023, 13:00
717
Бөлісу:
Еркін күрестен 10 түрлі салмақта балуандар күш сынасады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

II Түркі Универсиадасының екінші жарыс күні бозкілемде еркін күрестен балуандар күш сынасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін жекпе-жектерді 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70 кг, 74 кг, 79 кг, 86 кг, 92 кг, 97 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде балуандар өткізеді. 

Еркін күресте Қазақстан атынан 10 спортшы қатысады:

57 кг. - Әмірхан Дәулет (ҚазСТА). 

61 кг. - Анарбаев Ахмеджан (Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ). 

65 кг. - Әлиев Майси (Ш. Есенов атындағы КТИУ). 

70 кг. - Шалдар Қуандық (Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ). 74 кг. - Досжанов Санжар (Абай атындағы ҚазҰПУ). 

79 кг. - Еркеш Дәулет (Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ). 

86 кг. - Исағалиев Нұржан (БҚИТУ). 

92 кг. - Ерболатұлы Ерсұлтан (БҚИТУ). 

97 кг. - Айтбеков Ақежан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). 

125 кг. - Құрылыбек Марлен (М. Әуезов атындағы ОҚУ). 

Түркі әлемінің балуандарының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы