Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен ұлттық құрама мүшелері Токио Олимпиадасына дайындық аясында соңғы оқу-жаттығу жиындарына кіріседі, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас бапкер Әсет Серікбаевтың шәкірттері 13 шілде күні Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Балуандар «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдап, Олимпиада ойындары алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтайды.