«Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры Еркін Әбіл кезектен тыс өтетін сайлауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің таратылып, кезектен тыс сайлаудың өтуі – халықтың талабы негізінен туындап отыр.Себебі қазіргі мәжілістің құрамына сенімсіздік бар. Ол туралы көптеген сындарды оқып жатырмыз. Жаңа Қазақстанның болашағында болатын саяси реформалардың бастамасы осы мәжіліс болуы керек деп ойлаймын,-деді ол.
Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін біз мәжілістің осы бағытта белсенділігін көрген жоқпыз деген пікірде.
Есте қалатын 3-4 депутат қана бар. Қалғандарының белсенділігін көрген жоқпыз. Менің ойымша еліміздегі саяси өзгерістер көп, жаңадан құрылған саяси партияларға мүмкіндік берілуі керек. Әлі 2 ай уақыт бар. Осы аралықта бағдарламаларын халыққа насихаттауға партиялардың мүмкіндігі бар,-деді.
Маманның пікірінше болашақ саяси реформаларды өткізу үшін жаңа мәжіліс керек. Бұл жалпы ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен бірге жергілікті өлкедегі деңгейде де саяси өмір жаңдандырады.