Еріктілер тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуде

22 Мамыр 2019, 17:49
2194
Бөлісу:
Еріктілер тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Абай қаласында еріктілер тыл еңбеккерлерін қамқорлығына алды. "Абай Team" мүшелері қарт адамдарға көмек көрсетуде. 

"Біздің бейбіт өміріміз бен ашық аспанымыз үшін еңбек еткен, ал қазір тағдырдың жазуымен жалғыз алып қойған әжелер мен аталарымызға алғысымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың бізге айтып жатқан алғыстары одан әрі де игі істер жасауға бізді керемет ынталандырады", - дейді жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темірлан Кәкенов.

Мысалы, еріктілер тыл еңбеккері Любовь Глушконың үйінде болып қайтты. Соғыстан кейінгі жылдары ол мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін барлық мектеп бағдарламасын есте сақтап, әдеби шығармалардан үзінділер келтіреді.

Жастар көмекке мұқтаж жалғыз басты зейнеткерлердің тізімін құрастырған. Еріктілер тобы оларға үнемі қамқорлық көрсетіп отыруға ниетті екендерін жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы