Ереванда Қазақстан мен Армения ынтымақтастығы талқыланды

24 Ақпан 2024, 16:33
568
Бөлісу:
Ереванда Қазақстан мен Армения ынтымақтастығы талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі кеңейту аясында Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаевтың Ереван қаласының мэрі Тигран Авинянмен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында армян тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары бойынша, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді салу, қала құрылысы, білім және ғылым мәселелерінде тәжірибемен бөлісу тұрғысында пікір алмасу болды. Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымының жыл сайынғы өсуінің айғағы болып табылатын өзара іс-қимылды нығайтудағы тараптардың мүдделілігін назарға ала отырып, өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы аталып өтті, бұл екіжақты байланыстарды ұлғайтуға айтарлықтай ықпал ететін болады. 

Мэр Т. Авинян тығыз әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп, Ереван мен Астана арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екенін атап өтті және қазақстандық бизнесті бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы