Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ересек ер адамның зорлығына ұшыраған қыздың анасы видеоүндеу жасады

22 Тамыз 2025, 15:02
1050
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Желіде Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызы ересек ер адамның сексуалдық зорлығына тап болғанын айтып, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігін мәлімдеген әйелдің видеоүндеуі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, педофил әлі де бостандықта жүр және кәмелетке толмағандармен араласуын жалғастыруда.

Қазақстандағы барлық қыздардың аналарына үн қатамын. Тергеудің үш айында біз қызым екеуміз жауға да тілемейтін қиындықты бастан кештік. Ал менің балама зорлық көрсеткен адам – бостандықта. Кездейсоқ оның әлі де жасөспірім қыздармен сөйлесіп жүргенін білдім. Сол балалар да дәл сондай қайғыға тап болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Аналар, қыздарыңыздың көзіне қараңыздар. Олардың сіздерге сенуіне, сырын ашуына мүмкіндік беріңіздер. Біздің балалар ұялып, өзін кінәлі құрбан сезінбеуі керек. Қазір мен өзімнің де, балаларымның да қауіпсіздігі үшін алаңдап, бетімді көрсетпеймін. Балаларыңызды қорғаңыздар, аман болсын! – дейді әйел бейнежазбада.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілген.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Іс аяқталу сатысында тұр, тергеудің толық әрі жан-жақты жүргізілуі қамтамасыз етіледі, нәтижесінде материалдар сотқа жолданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп түсіндірді полиция.

Өзгелердің жаңалығы