Ерекше қорғалған жерлердегі заң бұзушылықтар туралы хабарлайтын жедел желі іске қосылды

17 Тамыз 2023, 04:37
491
Бөлісу:
Ерекше қорғалған жерлердегі заң бұзушылықтар туралы хабарлайтын жедел желі іске қосылды
Фото: baq.kz

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы заң бұзушылықтар бойынша «Жедел желі» жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді әрбір азамат қорғауға алынған табиға аумақта заңсыз ағаш кесу, орман өрттері, заңсыз аң аулау және тағы басқа фактілер туралы +7 (777) 678 52 52 телефон нөміріне хабарлай алады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға – мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар мен резерваттар жатады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға – мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар мен резерваттар жатады.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер:

"Іле-Алатау" @ile_alatau_nationalpark;

"Көлсай көлдері" @kolsailakes_nationalpark;

"Шарын" @charyn___official;

"Алтын-Емел" @altynemel_np;

"Көкшетау" @kokshetau_mutp;

"Баянауыл" @bayangnpp;

"Катонқарағай" @katonkaragayskiignpp;

"Сайрам-Өгем" @sairam_ugam;

"Бұйратау" @mutprmmbuiratau6;

"Қарқаралы" @karkaraly_national_park;

"Жоңғар-Алатауы" @zhongar_alatau_kz;

"Тарбағатай" @tarbagatai_2018;

"Ұлытау" @ulytau.mutp

 

Қорықтар:

"Ақсу-Жабағылы" @aksuzhabagylymtk;

"Алакөл" @alakol_state_nature_reserve;

"Алматы" @bioreserve.almaty

"Барсакелмес" @barsakelmes39;

"Батыс Алтай" @zagpz.vko;

"Қаратау" @karatau_nature_reserve;

"Қорғалжын" @zapovednik_korgalzhyn;

"Марқакөл" @markakol_1976;

"Наурызым" @naurzum_gpz;

"Үстірт" @ustirt_kz.

 

Резерваттар:

"Ақжайық" @akzhaiyk_oopt;

"Алтын дала" @altyndala_altyn;

"Бөкейорда" @bokey.orda_rezervaty;

"Ертіс орманы" @ertisormany_2003;

"Іле-Балқаш" @ilebalkhash.kz;

"Ырғыз-Торғай" @irgiz_turgai_gpr ;

"Семей орманы" @glpr.semeyormany.

Өзгелердің жаңалығы