Ерекше балалар әншілермен бірге жаңа жылды тойлады

26 Желтоқсан 2019, 12:55
3319
Бөлісу:
Ерекше балалар әншілермен бірге жаңа жылды тойлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Медеу ауданы әкімдігі мүгедектігі бар балаларға арнап "Армандар орындалады. Кедергісіз келешек" атты жаңажылдық қайырымдылық кеш ұйымдастырды.

Медеу ауданы бойынша мүгедектігі бар 3 498 адам тіркелген. Оның 608-і – 16 жасқа дейінгі бала. Жаңа жылға арналған кешке қала бойынша 300 бала қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалар жиі қыдырмайды, адамдармен көп араласпайды. Соны ескеріп, кеш арқылы балаларды қуантпақ болған.

Біз қала бойынша мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Балалар теледидардан жақсы көріп тыңдайтын әншілерін сахнадан жақынырақ көрсе дейміз, – дейді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
Кеште 2020 жылы жүзеге асатын 12 әлеуметтік жобаны қолдау үшін аукцион ойнатылды.

Қайырымдылық кеште Айгүл Иманбаева, Қарагөз Сүлейменова, Жанболат пен Жазира, Өктем Алтаев және басқа да эстрада әншілері балаларды келе жатқан 2020 жылмен құттықтап, денсаулық пен бақыт тіледі. Балалар Аяз атаға жазған хатын шыршаға іліп, тілек тіледі.

Өзгелердің жаңалығы