Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ерекше астрономиялық құбылыс: ертең аспанда "қызғылт Ай" көрінеді

11 Сәуір 2025, 23:27
11900
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ертең, 12 сәуірде көкжиектен көктемнің алғашқы толық айы көтеріледі. Бұл жолғы толық Ай "қызғылт Ай" деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Live Science-ке сілтеме жасап.

Алайда бұл атау Айдың түсіне байланысты емес. "Қызғылт Ай" - Солтүстік Америкада сәуір айында гүлдейтін Phlox subulata (қызғылт мүк) өсімдігіне қатысты ежелгі атау. Дегенмен, күн батқан сәтте атмосфера әсерінен Ай шын мәнінде аз уақытқа қызғылт түске еніп көрінуі мүмкін.

Бұл түнде тағы бір қызықты көрініс күтіп тұр. Яғни, Аймен қатар Спика жұлдызы да аспанда байқалады. Солтүстік Америка тұрғындары оны Айдың сол жақ үстінен көре алады. Еуропада — Айдың астында сол жағынан көрінеді. Ал Оңтүстік Америкада бұл жұлдыз көрінбейді, себебі оны Ай жауып қалады.

Ай бұл жолы супер Ай емес. Яғни, Жерге ең жақын қашықтықта болмағандықтан, әдеттегіден кішігірім болып көрінеді.

Келесі толық ай 12 мамырда болады. Ол "гүлді Ай" деп аталады.

Өзгелердің жаңалығы