Ердоғанның сайлауалды митингісіне 1,7 млн адам қатысты

8 Мамыр 2023, 14:25
853
Бөлісу:
Ердоғанның сайлауалды митингісіне 1,7 млн адам қатысты
Фото: hurriyet.com.tr

Ыстамбұлда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанды қолдау мақстатын 1,7 млн адам қатысқан рекордтық минттинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Митинг бұрынғы Ататүрік халықаралық әуежайының аумағында орналасқан Ұлттық саябақта өтті. Шараны биліктегі Әділет және даму партиясы ұйымдастырды.

Миттингке 12 600 қызыметкер тартылған. 15 жеке пунктте автотұрақ жабдықталып, халықтың қауіпсіздігі жіті сақталған. Митинг өтетін жерде 80 жеке кран, 140 жылжымалы генератор және 45 дыбыстық мұнара дайындалған.

Сонымен қатар, DW агенттігінің хабарлауынша, 7 мамырда Түркияның Эрзурум қаласында оппозиция шеруіне белгісіз біреулердің шабуылы салдарынан кем дегенде 9 адам жарақат алған. Жиында сөз алған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу оппозиция мен митингіге қатысушыларға тас лақтырылғанын, нәтижесінде партия автобусының зақымданғанын айтты. Экрем Имамоглу оппозициялық «Халық альянсы» атынан бір кандидат – Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлуды ұсынған.

Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтеді. Ердоғанның басты бәсекелесі оппозициялық «Халық альянсы» партиясының бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдароглу болмақ. Сайлауға «Мемлекет» партиясының басшысы Мухаррем Инже мен «Ата» альянсының кандидаты Синан Оган да қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы