Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған Украина мен АҚШ арасында келісілген 30 күндік атысты тоқтатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түрік көшбасшысы Киевтің Сауд Арабиясында бейбіт келісімге келу ұстанымына жоғары баға берді.
Біз Украина атысты тоқтатуға келіскенін оң бағалаймыз. Ресей де солай әрекет етеді деп үміттенеміз, - деп атап өтті ол.
Айтуынша, Түркияның РФ мен Украина арасындағы соғысқа қатысты ұстанымы ең алғашқы күннен бастап белгілі болған.
Біз екі көршіміздің соғысты әділетті бейбітшілікпен аяқтағанын қалаймыз, - деді Ердоған.