Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ердоған Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты

11 Тамыз 2025, 03:51
901
Бөлісу:
 Facebook.com/RTErdogan
Фото: Facebook.com/RTErdogan

10 тамызда Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған елдің батысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан Синдирги қаласындағы тұтас бір аудан қирады. Ол Facebook желісіндегі парақшасында оқиға орнында алғашқы минуттардан бастап барлық тиісті қызметтердің жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Алла елімізді кез келген апаттан сақтасын, – деп жазды Ердоған жазбасының соңында.

Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Түркия Ішкі істер министрлігі үйлердің бірінің қирандылары астынан төрт адамның құтқарылғанын, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Синдирги ауданында электр және табиғи газ беру тоқтатылды.

Жер сілкінісі кешкі уақытта тіркелді, дүмпулердің ұзақтығы шамамен 20-30 секундты құрады. Пәтерлерде люстра мен жиһаздар тербелді. Кейбір жергілікті тұрғындар көшеге жүгірді. Смартфон қолданбалары жер асты дүмпулері басталғанға дейін бірнеше секунд бұрын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы