26 наурызда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ораза айт мерекесі биыл тоғыз күнге созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол бұл туралы ауызашар кезінде айтты.
Мемлекеттік қызметшілерімізге 2, 3 және 4 сәуірде әкімшілік демалыс беріледі. Бұл біздің елімізге Ораза айтқа жалпы тоғыз күн демалуға мүмкіндік береді, – деді.
Режеп Тайып Ердоған Түркия басшысы мектептегі демалыс күндері Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келетінін еске салды. Сондықтан отбасылардың балаларымен бірге уақыт өткізіп, айт мерекесін тыныштық пен қуанышта қарсы алуы маңызды екендігін айтты.
Мемлекеттік қызметшілеріміз 2 сәуір, бейсенбі, 3 сәуір және жұма, 4 сәуірде әкімшілік демалыста болады. Бұл біздің еліміз барлығы тоғыз күн демалады деген сөз. Ораза айт мейрамы ел ретінде бірлігіміз бен ынтымағымыз бен бауырластығымыздың нығаюына септігін тигізетініне шын жүректен тілектеспін, – деді Ердоған.