Ердоған Түркия кеңеске қолдау көрсетуге дайын екенін айтты

31 Наурыз 2021, 18:44
2238
Бөлісу:
Ердоған Түркия кеңеске қолдау көрсетуге дайын екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркия Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне барлық қолдауын көрсетінін айтты.

Сіздерді онлайн форматта болса да көргенімізге қуаныштымыз.  Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ежелгі қала Түркістанда кездесеміз деген үмітте болдық. Коронавирусқа байланысты өте көп адам өмірлерінен айырылып жатыр. Түркі кеңесі 12 жыл бұрын құрылған болатын. Бұл кеңес біздің арамыздағы бірліктің символы. Алдағы уақытта біздің кеңесіміз нығая түседі. Түркімен бауырларымыз алдымен бақылаушы, сосын толыққанды мүше ретінде қосылады. Біз осы кеңес барлық қолдауымызды көрсетеміз, - деді Режеп Тайып Ердоған Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде.

Ол бүгінгі саммит тақырып ретінде Түркістанды алып отырғанын және Түркістанның символы Қожа Ахмет Яссауи туралы айта кетті.

Қожа Ахмет Яссауи түркі әлемінің ең танымал адамдарының бірі. Түркістанды жалпы әлемдік жағрафияға енгізді. Еуропа мен Азияға дейін әділет идеясын таратқан адамдардың бірі. Достастық, ағайындылық негіздерін салды. Біз Қожа Ахмет Яссауидің рухани нұсқауынан бізді айырмасын. Қазір әлемнің басына қиындық төнді. Біздің ынтымақтастығымызға сызат түспесін, - деді Түркия Президенті.

Өзгелердің жаңалығы