Ердоған Таяу Шығыстағы жағдай бойынша үндеу тастады

Ердоған Анкараның Иранмен бейбітшілік процесін қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

 x.com/RTErdogan Бүгiн 2026, 07:27
Бүгiн 2026, 07:27
273
Фото: x.com/RTErdogan

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екеуі Иранға жасалған шабуылдар және одан кейінгі қақтығыс процесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған Анкараның Иранмен бейбітшілік процесін қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған Түркияның барлық тараптарды дипломатия мен келіссөздерге оралуға шақыратынын және бейбітшілік процесіне барлық мүмкін қолдауды көрсетуге дайын екенін атап өтті, – делінген Түркия президенті кеңсесінің мәлімдемесінде.

Түркия президенті сондай-ақ дағдарысты шешуде Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сенбі, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Ирандағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға шабуыл жасай бастады, бұл шығындар мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелді. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасауда.

Иранға шабуылдар Вашингтон мен Тегеран арасындағы Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздерге қарамастан жасалды, оның соңғы кезеңі 26 ақпанда Женевада өтті. Шабуыл Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қазасына себеп болды. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Наверх