Ердоған халқын бір жылда тегін газбен қамтитынын айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңіздегі Сакария кен орнында өндіріс басталғаннан кейін бір жыл ішінде ел тұрғындарын тегін газбен қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 Сәуір 2023 2023, 11:40
АВТОР
 azattyq.org 22 Сәуір 2023 2023, 11:40
22 Сәуір 2023 2023, 11:40
851
Фото: azattyq.org

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңіздегі Сакария кен орнында өндіріс басталғаннан кейін бір жыл ішінде ел тұрғындарын тегін газбен қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Anadolu агенттігі жазады.

Атап айтқанда, құзырлы органдар бір жылда айына 25 текше метрге дейін ішкі тұтыну үшін отын бермек.

Түркия басшысының айтуынша, Қара теңіздегі табиғи газ Түркияның жанармайға деген қажеттілігінің 30 пайызын өтейді. Бастапқыда тәулігіне 10 миллион текше метр газ өндіріледі деп күтілсе, 2026 жылға қарай оны 40 миллион текше метрге жеткізу жоспарлануда.

Наверх