Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ердоған БҰҰ-ны Израиль шабуылы мен бейбіт тұрғындардың өлімі алдында дәрменсіз деп айыптады

24 Қыркүйек 2025, 08:10
326
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Ол елдерді Палестинаның мемлекеттілігін тануға шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елінің жаһандық саясаттағы амбицияларын баяндай келе, халықаралық қауымдастықты қатаң сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сессияның трансляциясы БҰҰ сайтында қолжетімді.

Оның сөзінің негізгі тақырыбы Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдай болды. Ердоған Израильді бейбіт тұрғындар мен журналистерге шабуыл жасады деп айыптап, БҰҰ тіпті өз қызметкерлерін де қорғай алмағанын мәлімдеді. Ол әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуды және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Түрік көшбасшысы Анкараның Ресей мен Украина арасындағы диалогтағы делдалдық рөлін, Әзербайжан мен Арменияны татуластыру жолындағы талпыныстарын еске алып, Ереванмен қарым-қатынастың қалыпқа келуі тез аяқталатынына үміт білдірді. Жаһандық сын-қатерлерге тоқталған Ердоған «ешкімді де артта қалдырмау қағидасы негізінде» жаһандық қаржы жүйесін реформалау қажеттігін айтып, Түркі мемлекеттері ұйымының Орталық Азиядағы маңызды факторға айналып отырғанын мәлімдеді.

Соңында президент Түркияның 2053 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу жоспарын еске салып, жасанды интеллект бүкіл адамзаттың мүдделеріне қызмет етуі керек екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы