Ербосынұлы ресейлік боксшы Шведенкомен кездеседі

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы өткізуі мүмкін</h4>

 2 Ақпан 2021 2021, 07:41
2 Ақпан 2021 2021, 07:41
1658

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жекпе-жек биыл көктемде АҚШ-та өткуі мүмкін екені де белгілі болды. 

Егер тараптар келісімге келе алса, боксшылар IBF тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті үміткерді анықтайды. Айдос бұл жекпе-жекке Англияда дайындалады.

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Онда отандасымыз ганалық Исса Самирді нокаутқа жіберген болатын. Ал Евгений Шведенко Санкт-Петербургте Артур Осиповті жеңді.

Наверх