Ерболат Досаев президент сайлауында дауыс берді

20 Қараша 2022, 08:43
669
Бөлісу:
Ерболат Досаев президент сайлауында дауыс берді

Таңғы сағат 7.00-де алғашқылардың бірі болып Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде орналасқан №358 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келіп, сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Бүгінде Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқығын іске асырып, алдағы 7 жылда еліміздің дамуына үлес қосады. Әр қазақстандықтың дауысы маңызды, бүгін мен қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасымның және балаларымның жарқын болашағы үшін елдің азаматы, Алматы тұрғыны ретінде дауыс беруге келдім. Алматылықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беруге құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті болуға үміткерлердің қатарында Жигули Дайрабаев бірінші болып дауыс берді. Одан кейін ЖСДП пратиясы атынан сайлауға түскен Нұрлан Әуесбаев өз таңдауын жасады. Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та сайлау учаскелеріне ерте келіп, кандидаттарға дауыс берді. 

Өзгелердің жаңалығы