Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысындағы құрылыс нысандарын тексерді

18 Ақпан 2024, 09:03
1341
Бөлісу:
Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысындағы құрылыс нысандарын тексерді
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, аймақ басышы алдымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын көрді.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылысы мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізуде. Заманауи талаптарға сай салынатын мектепте жергілікті оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалады, - делінген мәліметте.

Облыс әкімі білім ошағының құрылысын ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды.

Биыл облыс бойынша 12 «Жайлы мектептің» құрылысы басталады десек, оның 7-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев аталған ауылдағы және Жамбыл ауданы Қаракемер ауылындағы спорт кешендерінің де құрылысын тексерді.

Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасын, мерзімін және қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жалпы, осы жылы 206 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асады, оның 159-ы ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, облыс әкімінің жергілікті жердегі мәселелермен, құрылыс алаңдарындағы жағдайлармен танысу мақсатындағы аудандарға жұмыс сапары әр апта сайын жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы