Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ербол Мырзабосынов дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

11 Қараша 2025, 06:35
418
Бөлісу:
 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов финалдық белдесулерді арнайы тамашалап, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марапаттау рәсіміне сондай-ақ ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев, Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков қатысты.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында -48 кг салмақта шымкенттік Тасним Абдуали топ жарса, күміс жүлдені жамбылдық Іңкәр Құралбай, ал қола медальдарды алматылық Зарина Құсадин мен атыраулық Әсел Русланова иеленді. -52 кг салмақта Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы) жеңімпаз атанып, Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы) екінші орын алды, ал қола жүлделерді Аружан Ережепова (Алматы облысы) мен Сара Шұғаева (Алматы) бөлісті.

Ерлер арасында -60 кг салмақта шымкенттік Талғат Орынбасар ел чемпионы атанып, күміс жүлдені Тоқтар Үміталиев (Батыс Қазақстан облысы) жеңіп алды, ал қола медаль иегерлері - Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы) және Асылхан Зинулин (Батыс Қазақстан облысы). -66 кг салмақта Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы) бірінші орынға ие болып, екінші орынды Ақылжан Жұбатқанов (Ақтөбе облысы) еншіледі, ал қола жүлделерге Ақжігіт Насыр (Алматы облысы) мен Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы) қол жеткізді.

Чемпионаттың екінші күні әйелдер арасында -57, -63, -70 кг, ал ерлер арасында -73 және -81 кг салмақ дәрежелерінде жүлде үшін белдесулер өтеді.

 

Өзгелердің жаңалығы