Ерасыл Қажыбаев Гран-при турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізді

Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Душанбеде дзюдодан өткен Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 Маусым 2023 2023, 07:27
АВТОР
 5 Маусым 2023 2023, 07:27
5 Маусым 2023 2023, 07:27
998

Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Душанбеде дзюдодан өткен Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ерасыл Қажыбаев 100 келіден астам салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ерасыл жұбаныш финалында Польша өкілі Каспер Сзуровскиді жеңді.

Осылайша, Ерасыл Қажыбаев Душанбедегі додада Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды.

Бірінші қоланы 66 келіге дейінгі салмақта Сұңғат Жұбатқан жеңіп алған еді.

Наверх