Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды

1 Желтоқсан 2022, 13:37
740
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Фото: BAQ.KZ

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер.

Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.
1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы.

1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.

1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды.

1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды.

1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды.

2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2022 жылы тамыз айынан бастап Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Өзгелердің жаңалығы