Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді.

 AP Photo / Nariman El-Mofty Бүгiн 2026, 05:49
Бүгiн 2026, 05:49
102
Фото: AP Photo / Nariman El-Mofty

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне екі дрон шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Министрлік хабарламасында дрондардың соққысы салдарынан «шектеулі» өрт шыққаны және материалдық шығын келтірілгені айтылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді.

Оқиға Эр-Рияд қаласының дипломатиялық кварталында болған. Reuters агенттігінің мәліметінше, шетелдік өкілдіктер орналасқан аудан үстінен қара түтін көтерілген.

Жағдайдан хабардар үш дереккөз сейсенбі күні таңертең елшілік аумағында қатты жарылыс болып, кейін жалын байқалғанын жеткізген. Дереккөздердің бірінің айтуынша, өрт ауқымы үлкен болмаған.

Наверх