Эр-Рияд пен мұнай кен орнына бағытталған дрондар атып түсірілді

Сонымен қатар бүгін таңертең 6 ұшқышсыз ұшақтың ұсталғаны туралы да ақпарат тарап жатыр.

 Shutterstock/FOTODOM Бүгiн 2026, 14:10
Бүгiн 2026, 14:10
167
Фото: Shutterstock/FOTODOM

Сауд Арабиясының әуе қорғаныс жүйелері екі дронды атып түсірді. Оның бірі «Шейба» мұнай кен орнына қарай бағыт алған, ал екіншісі ел астанасы Эр-Риядқа бет алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі шабуылдың да жолы кесілген.

Ведомствоның дерегінше, Эр-Риядқа қарай ұшып бара жатқан дрон астананың шығыс жағында жойылған. Ал екінші аппарат «Бос квартал» деп аталатын аймақта ұсталған. Ол «Шейба» мұнай кен орнына қарай бағыт алған.

Бұған дейін Сауд Арабиясының қорғаныс ведомствосы елдің шығысындағы Эль-Хардж қаласында орналасқан ханзада Сұлтан атындағы әуе базасына бағытталған баллистикалық зымыранның да ұсталғаны белгілі болған. 

Патшалықтың қорғаныс министрлігі бұған дейінгі мәлімдемелерінде бүгін таңертең «Шейба» мұнай кен орнына қарай ұшқан 6 дронның ұсталғанын айтқан

Наверх